Прокуратура «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесін ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А. Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100% үлесі жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған, оны жеке заңды тұлға заңсыз жекешелендірілген (Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат).
Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген.
«Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға жатады», – деп жазылған қала прокуратурасының мәлімдемесінде.
Айта кетейік, ол 2022 жылдың 28 мамырында ұсталған болатын. Ал 2024 жылдың 13 ақпанында 11 жылға сотталды.