Екі партия біріксе, атауы «Әділет» болады – депутат Нұртай Сабильянов (ВИДЕО)

Бүгін, 11:10 / Alashorda
Коллаж: orda.kz

ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов қазір ел ішінде гу-гу әңгімеге айналған «Аманат» пен «Әділет» партияларының қосылуына қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

- Әлеуметтік желілерде, жалпы саясатта «Аманат» пен «Әділет» бірігеді екен деген әңгімелер шығып жатыр. Алдағы съезде қос партия бірігуі мүмкін бе?

Жалпы, қазір қоғамда «Әділет» партиясы мен «Аманат» партиясының бірігуі туралы мәселе жан-жақты айтылып жатыр. бізге де сұрақтар қойылып жатыр осы мәселе бойынша. 12 маусым күні «Аманат» партиясының съезі болады. Осы съезде «Аманат» партиясы қабылдайды деп ойлаймын. Одан кейін 14 маусымда «Әділет» партиясының шешімі болады. Ол мәселе осы партияның да съезінде қарастырылады. Сондықтан екі партияның бірігуі әбден мүмкін. Біріккен жағдайда бір партия болады, сол партия әрі қарай да сайлауларға қатысып, өзінің кандидатын ұсынуға мүмкіндік алады. 

- Партиялар біріккен жағдайда атауы қалай болуы мүмкін?

Менің ойымша, біріккен жағдайда атауы «Әділет» болады. 

- Неге «Аманаттан» бас тартасыздар?

Жоқ, «Аманаттан» ешкім бас тартып отырған жоқ. біріккеннен кейін бір партияның аты берілу керек. Егер «Аманат» партиясы «Әділетпен» бірігу туралы шешім шығаратын болса, партия «Әділет» деп аталатын шығар деп ойлаймын. 

- Неге «Аманат» деп аталмайды? Себебі, «Аманат» партиясының біраз жыл тарихы бар. Неге сіздер жаңадан құрылған партияға жұтылып кетесіздер?

Енді оны екі партия съездерінде анықтайды деп ойлаймын. Бұл болжам ғой. 

- Жаңадан құрылған, енді-енді тәй-тәй басып келе жатқан партияға жұтылып кету емес пе сіздердің қадамдарыңыз?

Екі партия бірігетін болса, «Аманат» партиясының өзінің ресурстары бар, мүшелері бар, әрі қарай да жұмысын жалғастырады деп ойлаймын. Ондай жағдайлар Қазақстанда болған кезінде. Ең бастысы, екі партияның өздеріне байланысты. 

- «Республика» партиясы 2023 жылдың қаңтарында құрылды. Сол жылы наурызда олар сайлауға қатысып, үшінші орын алды. Неге «Әділет» сіздермен бірігіп отыр? Неге өз күштеріне сенбей отыр?

Басқа партия туралы ештеңе дей алмаймын. 

- Әділет неге сіздерге қосылуға мүдделі? «Әділет» мүдделі ме, «Аманат» па?

Оны «Әділеттің» өзі, съезі шешеді. Мен басқа партиялардың қызметіне, атқарып жатқан істеріне баға беруге тиісті емеспін.

Нұртай Сабильянов Аманат Әділет Партия Бірігу Депутат