«Ел болашағын айқындалады». Танымал тұлғалар халықты Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға үндеді

Бүгін, 12:10 / Alashorda
ФОТО: «Әділет» партиясы

Еліміздің өнер және спорт саласындағы танымал тұлғалар халықты 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды. Олар сайлауға қатысу – елдің болашағына әсер ететін маңызды азаматтық жауапкершілік екенін атап өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Қарагөз Сүлейменова: «Әр дауыс немқұрайлылық болып қалмауы керек»

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова елімізде оң өзгерістер жүріп жатқанын және саяси құрылымның өзгеріп жатқанын атап өтті. Ол 23 тамызда Құрылтайға білікті азаматтарды сайлау маңызды екенін айтып, әркімнің өз таңдауын жасауға құқығы бар екенін жеткізді.

«Мен өз басым «Әділет» партиясының мүшесімін, «Әділет» партиясын таңдаймын», – деді ол.

Өнер қайраткері партияның жастарға арналған бағдарламаларына, жер мәселесіне, руханиятқа, IT технологияларға және жастар саясатына қатысты бастамаларына тоқталды. Оның айтуынша, «Әділет» партиясы бірқатар келеңсіздік пен әділетсіздікті жоюға бағытталған жұмыстар атқарып келеді.

«Мен «Әділет» партиясын қолдаймын. Өздеріңізді 23 тамыз күні сайлауға келіп, дауыс берулеріңізді өтінемін. Себебі, әр дауыс немқұрайлылық болып қалмауы керек. Біз өз мемлекетімізді өзіміз құруымыз керек», – деді Қарагөз Сүлейменова.

Азамат Сатыбалды: «Дауыс беру арқылы ел болашағын айқындаймыз»

Театр және кино актері Азамат Сатыбалды 23 тамыздағы Құрылтай сайлауын тарихи сәт деп атап, азаматтарды дауыс беруге шақырып, әр адам өзіне ұнаған партиясы таңдауын өтінді.

«Жақында тарихи сәт келеді. Ол – 23 тамыз, Құрылтай сайлауы. Әрқайсыңыз өзіңізге ұнаған партияларыңызға дауыс беріңіздер. Қалыс қалмаңыздар. Өйткені дауыс беру арқылы біз Қазақстанның болашағын айқындаймыз», – деді ол.

Актер өзі «Әділет» партиясының мүшесі екенін айтып, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқанын жеткізді. Әсіресе өнер саласына қатысты ұсыныстарды атап өтті.

«Әділет» партиясының бағдарламасын оқыдым. Әсіресе біздің өнерге қатысты пункттары өте жақсы. Болашақтағы жас өнерпаздарды қолдау деген нәрсенің барлығы өте керемет айқын көрсетілген», – деді Азамат Сатыбалды.

Ол қазақстандықтарды 23 тамызда сайлаудан қалыс қалмай, өз дауысын беруге үндеді.

Әлия Жүсіпова: «Спорт саласына ерекше көңіл бөлінген»

Белгілі спортшы, гимнастика шебері Әлия Жүсіпова да өз сөзінде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барысында «Әділет» партиясының бағдарламасымен танысқанын айтып, онда білім, мәдениет және әлеуметтік салаларға баса назар аударылғанын, әсіресе, спорт саласына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтеді.

Ол бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын атап өтіп, қазақстандықтарды 23 тамыздағы сайлауға қатысып, «Әділет» партиясын қолдауға шақырды.

«Барлығыңызды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортпен шұғылдана отырып, алдағы 23 тамыз күні өтетін сайлауға қатысып, «Әділет» партиясын қолдауға шақырамын!» – деді спортшы.

Сол секілді танымал актер әрі әнші Қобыланды Болат та «Әділет» партиясын қолдайтынын білдіріп, жұртшылықты да осы сайлауда партияны қолдауға үндеді.

Танымал өнер және спорт өкілдерінің пікірінше, 23 тамыздағы Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымды білдіретін маңызды мүмкіндік. Олар қазақстандықтарды сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға үндеді.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.