Елімізде 1 млн айыппұл кешіріледі

Бүгін, 15:22 / Alashorda
Фото: pexels.com

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Заң жобалары Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау мақсатымен Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленді. Құжат қылмыстық саясатты ізгілендіруге, сондай-ақ халықтың борыштық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Алғаш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар, әкімшілік рақымшылық та жүргізіліп отыр.

Алдын ала жүргізілген есепке сәйкес, қылмыстық рақымшылық шаралары шамамен 16,5 мың адамға қатысты қолданылуы мүмкін. Соның ішінде колониялар мен өзге де бас бостандығынан айыру орындарынан 1,5 мыңға жуық сотталушы босатылмақ. Ал әкімшілік рақымшылық Ішкі істер министрлігі бағыты бойынша шамамен 1 миллион айыппұлды қамтиды.

Рақымшылық айыппұл Мәжіліс