Эльвира Әзімова Конституциялық соттың төрағасы болып қайта тағайындалды

Бүгін, 11:43 / Alashorda
Фото: Конституциялық сот

Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әзімова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Эльвира Әбілқасымқызы 1973 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. 1996 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолында Әділет министрлігінде ұзақ жыл қызмет атқарды.

1996-1999 жылдары министрліктің Халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету басқармасында жетекші және бас консультант болды.

1999-2005 жылдары заңнама, халықаралық құқық және протокол бағыттарындағы департаменттерде басшылық қызметтер атқарды.

2005-2010 жылдары Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісімшарттар және талап-арыз жұмысы бағытындағы департаменттерін басқарды.

2010-2013 жылдары Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры, ал 2013-2019 жылдары Әділет министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы қаңтарға дейін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды.

Эльвира Әзімова 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы қызметін атқарып келді.

Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.