ЕО, АҚШ және Украина 23 қарашада Трамптың бейбіт жоспарын талқылайды

23 қараша, 2025 / Alashorda
idemocracy.world

Еуропалық одақ, АҚШ және Украина өкілдерінің американдық бейбіт жоспар бойынша кездесуі 23 қарашада өтеді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Германия үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасаған DPA агенттігінің мәліметінше, Вашингтонның бейбіт жоспары жексенбі күні Женевада ЕО-ның жетекші елдерінің өкілдері мен АҚШ және Украина тараптары қатысатын кездесуде талқыланады.

Сонымен қатар ТАСС-тың жазуынша, ЕО, Канада және Жапония басшылары Йоханнесбургте өткен кездесуден кейін АҚШ-тың Украинаға арналған жоспарын қайта қарауды талап етіп, Украин қарулы күштерінің қысқаруына алаңдаушылық білдірген.

Бұл туралы ЕО комиссиясы жариялаған, Германия, Франция, Италия, сондай-ақ ЕО-ға кірмейтін Ұлыбритания, Норвегия, Жапония және Канада қол қойған бірлескен мәлімдемеде айтылған. Мәлімдеме G20 саммитінің аясында өткен батыс елдері көшбасшыларының шұғыл кездесуінен кейін қабылданған.

Сондай-ақ олар «Украинаны әлсіз күйде қалдыруы мүмкін» деп, Украин қарулы күштерінің қысқаруына алаңдаушылық білдірген.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио әзірлеген Украинадағы қақтығысты аяқтауға бағытталған 28 тармақтан тұратын Трамп жоспары талқылаудың негізгі бөлігі болып табылады.

Бұған дейін Ресей мен Украина басшылары Дональд Трамптың бейбіт жоспардың сәтті аяқталатынына күмән келтірген.

Трамп өз жоспарын қол қою үшін «ыңғайлы мерзім» ретінде 27 қарашаны — Алғыс айту күнін белгілеген.

Ресми құжатта 28 тармақтың бірінде «Украина НАТО тарапынан қауіпсіздік кепілдіктерін қоса алғанда, сенімді қауіпсіздік қорғанысын алады» деп көрсетілген.

Ресей Украина АҚШ әлемде қақтығыс