OCTAGON лигасының BMF белбеуінің иегері, Еркебұлан Тоқтар Ташкентте өзбекстандық жұлдыз Тимур Никулинге қарсы бокс кешін өткізіп, нокаудпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Еркебұлан Тоқтардың бұл жолғы қарсыласы - Ресейде тұратын Өзбекстан тумасы, «Архангел» лақап атымен танымал Тимур Никулин. Ол - өңірдегі ең танымал медиа-файтерлердің бірі. Никулиннің кәсіби бокс пен жалаң жұдырық сайыстарындағы көрсеткіші жоғары: жалпы 22 рет жеңіске жетіп, 6 мәрте ұтылған және 2 кездесуді тең аяқтаған. Ал таза бокс ережесі бойынша өткен бәсекелерде ол 9 жеңіс, 1 жеңіліс және 2 тең нәтиже тіркеген.
Қазақстандық спортшы Ташкент төріндегі бірінші раундтың 30 секундында нокаутқа жіберіп, еш күмәнсіз жеңіске қол жеткізді.