Германия канцлері Фридрих Мерц Ирандағы соғысқа қатысты қандай ойда!?
АҚШ президенті Трамп серіктестерінен Парсы бұғазын қайта ашуға көмектесуді сұрап отыр, бірақ Германия әскери қатысуға қарсы екенін ашық білдірді. Канцлер Фридрих Мерц те НАТО-ның қорғаныс альянсы екенін және араласуға құлқы жоқ екенін растады. Ол АҚШ пен Израильдің әскери операциясын "қауіпті эскалация" деп атап, бұл соғысты аяқтаудың нақты "бірлескен жоспары жоқтығына" алаңдаушылық білдірді.
Сыртқы істер министрінің ескертуі: Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефул Ирандағы режимді күшпен құлату идеясын "шындыққа жанаспайды" деп бағалап, бұл әрекет Ирак пен Ливиядағыдай "тұтас дағдарысқа" әкелуі мүмкін екенін ескертті https://dailytimes.com.pk/1466578/germany-questions-us-israel-strategy-on-iran-conflict/.
Германия үкіметі АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы НАТО-мен ешқандай байланысы жоқ деп мәлімдеді. Бұл мәселе Стефан Корнелиус (Stefan Kornelius) — белгілі неміс журналисі, халықаралық қатынастар сарапшысы және беделді Süddeutsche Zeitung (SZ) газетінің халықаралық бөлімінің бас редакторының сөздерімен расталып, НАТО-ның қорғаныс альянсы екенін және бұл соғыс альянстың соғысы емес екенін атап өтті. АҚШ-тың әскери науқандарының ауқымын кеңейтуі оның Орта Шығыс пен Парсы бұғазы аймағындағы серіктестері үшін үлкен қауіп төндіреді деп ескертті.
Ауқымды дағдарыс қаупіне қатысты канцлер Мерц соғыстың ұзаруы Иранның ыдырауына әкеліп, бұл бүкіл әлемге, әсіресе Еуропаға үш үлкен қауіп төндіретінін айтады. Санамалап айтатын болсақ:
Энергетикалық қауіпсіздік: Әлемдік мұнайдың бестен бір бөлігі өтетін Ормуз бұғазының жабылуы. Тұрақсыздық: Иранның Ливия немесе Ирак үлгісіндегідей мемлекеттік институттарының әлсіреуі аймақтық тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін. Босқындар дағдарысы: Жаңа ауқымды босқындар ағынының пайда болу қаупі https://www.timeslive.co.za/news/world/2026-03-11-germanys-merz-sees-no-plan-for-bringing-iran-war-to-swift-end/ .
Германияның ұстанымы: Берлин үкіметі бұл соғыстың НАТО-ға қатысы жоқ екенін және оған әскери тұрғыдан араласпайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Германияның басты міндеті - дипломатиялық жолмен шиеленісті тоқтату және аймақтық тұрақтылықты сақтау https://www.euractiv.com/news/iran-war-nothing-to-do-with-nato-says-german-government/ Жаһандық БАҚ Германия ұстанымын түрлі қырынан, түрлі сипатта жазды.
Біз жоғарыда сөз еткен бұл материалдардың барлығы Германияның ресми тұлғаларының Ирандағы соғысқа қатысты ұстанымын және бұл қақтығыстың ықтимал жаһандық салдары туралы ескертулерін жан-жақты көрсетеді.