Гүлбану Әбенова Мәжіліс депутатын жекпе жекке шақырды

3 қазан, 2025 / Alashorda
Коллаж

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровты жекпе жекке шақырды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

***

“АРДАҚ НАЗАРОВ!

Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын!

Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет.

Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз — бәрі халық алдында ашық айтылсын.

Қолғаптың орнына дипломдарыңызды, студент кезіңізде түскен суреттеріңізді алып келіңіз. Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін.

Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас.

Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр.

Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз.

Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз!

Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз!

P.S. Журналист әлеуметтік желіде Ардақ Назаровпен бірге оқыған азаматтарды іздеп жүр. Бірақ Мәжіліс депутатымен университетте бірге оқыған азаматтар әзірге шыққан жоқ

 

мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Гүлбану Әбенова