ІІМ қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллектіні енгізіп жатыр

8 қазан, 2025 / Alashorda
ІІМ

Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрәли Сарбақышпен кездесу өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.

Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллекті Trust Education Company компания ІІМ