Ішкі істер министрі депутаттарға: Көңіл көтеру орындарына өздеріңіз де баратын шығарсыздар...

Бүгін, 16:15 / Alashorda
Үкімет

Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған көшпелі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қауіпсіздігі төмен көңіл көтеру орындарын азайту туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

-  Статистика бойынша көңіл көтеру орындарынан 102 нөміріне келіп түсетін қоңыраудың басым бөлігі түнде және демалыс күндері тіркеледі. Ең жиі кездесетін себептер – келушілер мен көңіл көтеру ұйымы әкімшілігінің арасындағы дау-дамай. Ойын-сауық орындарының қауіпсіздік деңгейі туралы рейтингті енгізу қандай нәтиже беріп жатыр? - деп сұрады Мәжіліс депутаты Данабек Исабек.

Ішкі істер министрі рейтинг жариялаумен келеңсіздік азая салмайтынын айтып, депутаттың өзіне шүйлікті.

- Қазір рейтинг бойынша осындай 193 ойын-сауық орталығы бар. Ол жерде қылмыс, бұзақылық жасалған. Осындай мекемелерді анықтап, өзіміздің сайттарға жариялап, әкімдіктерге жеткіземіз. Не үшін? Халық көріп, өзі қорытынды шығару керек. Ол жерде тағамы тәтті болса, ойын-сауық ұйымдастыру мәселесі дұрыс болса, сол рейтингке қарамастан ел барып жатады. Оны біз білеміз, бәріміз куәміз. Кейбіреулеріңіз баратын да шығарсыздар... Білеміз ғой, оны, қалай екенін, - деді министр.

мәжіліс депутаты Ержан Сәденовк Ішкі істер министрі