Kaspi.kz мақсатты модель аясында бірыңғай QR жүйесіне қосылды

23 желтоқсан, 2025 / Alashorda

Kaspi.kz мақсатты модельдің аясында ҚР Ұлттық БанкініңҰлттық төлем корпорациясымен бірыңғай QR жүйесінеқосылу туралы келісімге қол қойды.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:

«Биыл біз Ұлттық банкпен бірлесіп, әсіресеоперациялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндебелсенді жұмыс істедік. Бірыңғай QR жүйесіне қосылу — Қазақстанда кең, заманауи әрі қауіпсіз төлеминфрақұрылымын құрудағы маңызды қадам. Сүйіктіклиенттеріміз жақын арада кез келген банктің QR-коды арқылы төлей алады».

Бірыңғай QR бойынша төлемдер Ұлттық Банктің орталық инфрақұрылымы арқылы өтеді. Барлық банктер бұл инфрақұрылымға тең талаптармен қосылады. Мақсатты модель клиенттер мен компанияларды алаяқтық тәуекелдерінен ең жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.

Kaspi.kz Ұлттық банк Михаил Ломтадзе бірыңғай QR