Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Бүгін, 11:44 / Alashorda
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.