Қасым-Жомарт Тоқаев Лула да Сильваны президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

26 қазан, 2026 / Alashorda
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Бразилия Президентін құттықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

— Президент @LulaOfficial, сізді президент сайлауындағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймын. Бразилия халқы сіздің ұлттық егемендікті нығайтуға, Бразилияның ірі әлемдік держава ретіндегі беделін арттыруға, Біріккен Ұлттар Ұйымының реформасын ілгерілетуге және әділ әлемдік тәртіпті құруға бағытталған саясатыңызды қолдайтынын білдірді, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев X желісіндегі парақшасында.