Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды

Бүгін, 11:27 / Alashorda
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентін әуежайдан Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.