Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы алғашқы матчын Фарер аралдарына қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Торсхавн қаласындағы «Торсведлюр» стадионында өткен кездесуде есепті 14-минутта Аки Самуэльсен ашты. Қазақстан құрамасы 26-минутта таразы басын теңестірді. Темірлан Ерлановтың дәл соққысы нәтижесінде есеп 1:1 болды.
Екінші таймда қос команда да жеңіс голын соға алмады. Кездесудің соңына дейін есеп өзгермей, Қазақстан алғашқы турда бір ұпай еншіледі.
Екінші турда Қазақстан құрамасы Словакиямен кездеседі. Матч 29 қыркүйекте Кошице қаласында өтеді.