«Көп ұрласаң аз жылға сотталасың». Абзал Құспан сот үкіміне байланысты сұраққа жауап берді

3 қазан, 2025 / Alashorda

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жемқорлық ісіндегі үкімдерге байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Жуырда Ұлытау облысы Білім басқармасының басшысы Сафура Төлекова 93 млн теңгенің жемқорлық ісі бойынша 8 жылға сотталды. Ал жыл басында  Астана қаласының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Болат Жұмағұлов 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп күдікке ілігіп, 8 жыл 6 айға сотталған болатын.

Сондай-ақ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 732,8 млрд теңгенің жемқорлық ісі бойынша 6 жылға сотталып, былтыр бостандыққа шыққан болатын. Қайтарылған активтер қатарында жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар, автомобильдер, акциялар және ақша бар. Атап айтқанда, мемлекетке Қазақстандағы 115 жылжымайтын мүлік берілді.

Қоғамда осыған байланысты «Аз ұрласаң көп жылға, ал көп ұрласаң аз жылға сотталасың» деген пікір қалыптасты. Осы ретте 93 миллион теңгенің жемқорлық ісі мен 1 немесе 732,8 млрд теңгенің ақаржыны жымқырды деген азаматтың үкімі неге бірдей болды деген сұрақ туады? Жүз миллион теңгенің жемқорлық ісі мен 732,8 млрд теңгенің ісінде жер мен көктей айырмашылық болуы әділетті ме?

Осы және өзге де сұрақтарға Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жауап берді.

 

Абзал Құспан Сафура Төлекова Болат Мажағұлов Қайрат Сатыбалды