Көрісу күніне орай сотталғандар туыстарымен кездесті

Бүгін, 16:04 / Alashorda
Ашық дереккөз

14 Наурыз-Көрісу күніне орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар үшін қысқа мерзімді кездесулер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шара аясында сотталған азаматтар өздерінің жақын туыстарымен жүздесіп, хал-жағдай сұрасып, жылы лебіздерін білдірді. Мұндай кездесулер сотталғандардың моральдық-психологиялық жағдайына оң әсер етіп, олардың түзелуіне және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.

Айта кету керек, мекемеде сотталғандардың туыстарымен байланысын сақтау бағытында заң аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №58 мекемесі