КҮПТІ САУАЛҒА ЖҰПТЫ ЖАУАП

15 наурыз, 2026 / Alashorda
ИНТЕРНЕТТЕН АЛЫНДЫ

КҮПТІ САУАЛҒА ЖҰПТЫ ЖАУАП

Ақорда. Бүгін Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистердің бірқатар сұрағына жауап берді, деп хабарлайды.

Мемлекет басшысы журналистер тарапынан қойған сауалдардың ішіндегі ең батпандысы  вице-президент лауазымына қатысты болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Jibek joly телеарнасының тілшісі Зұлқарнай Ермұраттың: «Кейбір сарапшылар "Конституциялық реформа – билік транзитіне, президент сайлауына дайындық" деген пікір айтып жүр. Жалпы, вице-президент лауазымы не үшін қажет? Осыған қатысты пікіріңізді білсек деп едік», - деген сауалына іркілмей, ел арасында да, саяси ортада да вице-президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенінен хабардар екенін алға тарта отырып:

"Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте вице-президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар "Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді" деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ.

Вице-президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді", - деп жауап қатты.