1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасындағы барлық күштік құрылымның әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойыздарымен тегін қатынай алады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған кешенді іс-шара барысында айтылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жиын барысында жеке құрамға жаңа әлеуметтік бастаманың мазмұны түсіндіріліп, оны өңірлерде тиімді жүзеге асыру тетіктері кеңінен талқыланды. Іс-шара аясында
Бұл бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардың отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін арттыруға бағытталған.
Ақпараттандыру барысында «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдау экономикасы және есебі департаментінің бас менеджері Айнұр Базарбаева тегін жол жүру құқығы тек Қазақстан ішіндегі бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойыздарына қолданылатынын атап өтті.
Сондай-ақ аталған шығындар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өтелетінін түсіндірді.
Жиынға қатысқан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ тариф саясаты департаментінің директоры Диас Түсіпбеков әскери қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жеңілдікті пайдалану барысында туындауы мүмкін техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерге тоқталды.
Іс-шара қорытындысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов бұл бастаманың маңызын атап өтті. Ол жобаны іске асыру барысында белгіленген талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін айтып, аталмыш әлеуметтік қолдаудың әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға, демалысты алдын ала жоспарлауға және жол шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.