Мәдени орталық: Қазақ өнері мен дәстүрі Қытай төрінде

3 қыркүйек, 2025 / Alashorda

Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Журналист Ерқанат Көпжасар министрге аз-кем сауал қойып, орталықтың ашылу тарихына қатысты ақпар берді.

Министр орталықты 2022 жылы бастау алған идеяның жемісі екендігін айтты.

Біздің мәдениетімізді, әдебиетімізді, киномызды танытуға үлкен мүмкіндік бар. Кешенді жұмыс болады... Ұлттық киімді де қоюға тырыстық. Ең бастысы, біздің домбырамыз бен қазақ тілін үйренуге мүмкіндік бар. Екі класс ашылды, – деді Аида Балаева.

Қытай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ерқанат Көпжасар