Майк Тайсон алғаш қарсыласын 8 секундта жеңіп, чемпион атанған

Бүгін, 16:47 / Alashorda
betsafepribaltika.com

Alashorda.kz ақпараттық агенттігі «Аңыз адам» журналының материалдарымен бөлісуді жалғастырады.

Серияның алғашқы мақаласы аңыз боксшы Мұхаммед Әлиге арналды.

Келесі материал аты аңызға айналған чемпион Майк Тайсон туралы болады. Тайсон өзін Мұхаммед Әлиден шабыт алған буын өкілі деп санап, оны боксты түбегейлі өзгерткен тұлға ретінде мойындаған.

Әли ашқан жол жаңа дәуір чемпиондарының қалыптасуына негіз болды.

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Майкл Джерард Тайсон 1966 жылы 30 маусымда Лорна Киркпатрик пен

Джимми Киркпатриктің шаңырағында дүниеге келеді.

Әкесі отбасын тастап кетіп қалғандықтан, Лорна баласы Майклға бірінші күйеуі Персел Тайсонның тегін береді. Нью-Йорктің кедей аудандарының бірі - Бруклин кварталында үш баламен (Майклдың ағасы Родни, әпкесі Дениз) далада қалған жесір әйел көп қиындық көреді.

Майкл жүрегі жұмсақ, мінезі тұйық бала болып өседі. Үнемі ағасы мен көрші балалардың мазағына айналып, солардың тепкісіне ұшырайды.

Аулада ойнайтын серігі жоқ, қорқақ балалардың қатарында болады.

Көгершіндерді қатты жақсы көретін Майкл оларды өсіруді ермекке  айналдырып, уақытының көп бөлігін осы «достарының» жанында өткізеді.

Бір күні өзінен жасы үлкен бір бала оның бір көгершінін әдейі өлтіріп тастайды. Бұған шыдамаған Майкл әлгі баланы ондырмай сабайды.

Болашақ боксшының бұл «ерлігін» көрген аула бұзақылары Майклды жан дарына алып, қалта ұрлығын жасауды үйретеді. Осылайша, 12 жасында ол Бруклин каласында қалта ұрлығымен ұсталып, тәртібі қиын балаларды түзету мектебіне беріледі.

Бұл жерге балалармен кездесу өткізуге келген Мухаммед Әлиді көріп, Майкл алғаш рет боксшы болу жайында ойланады.

13 жасында Нью-Йорктың солтустігінде орналасқан кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлерге арналған түзету мектебіне ауыстырылады.

Майкл мұндағы спорт мұғалімі, бұрыңғы  боксшы Бобби Стюартпен кездесіп өзінің боксшы болғысы келетінін айтады.

Ал мұғалімі Майклға тәртіпке бағынып, ешқандай ережені бұзбайтын болса ғана дайындаймын деп шарт қояды.

Сондай-ақ мектептегі сабағын қаншалықты жақсы оқыса, дайындыққа соншалықты көп уақыт бөлітінін де айтады.

Осыдан бастап «ақыл-ойы артта қалған» деген атқа ие Майклдын оқу үлгерімі де жақсарады.

Ол уақытының көп бөлігін боксқа, жаттығуларға арнайды. Түнгі сағат 3-4-ке дейін жаттығу залынан табылатын Майклдың талабына тәнті болған жаттықтырушысы Бобби Стюарт журналистерге берген бір сұхбатында «13 жасар Майклдың соққысы мені әлсіретіп тастайтын» деп арынан жарылған.

АЛҒАШҚЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕР

Шәкіртінің әбден шындалғанына көзі жеткен Бобби Стюарт оны әлемнің екі бірдей чемпионы – Флойд Паттерсон мен Хосе Торресті жаттықтырған танымал бапкер Каса Д'Аматоның тәрбиесіне береді. 13 жасар Майклдың салмағы 80 келі екенін естіген Каса Д'Амато алдымен түзету мектебінде олардың немен тамақтанатынын сураған екен.

Ал Стюарт пен Майкл рингке шыққанда бапкер Каса ДʼАмато жеткіншектің бойынан болашак чемпионға тән қасиеттерді көріп қуаныпты. Біраз уақыт өткен соң Майкл жаңа бапкерінің үйіне көшіп келеді. 1982 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадалық ойындарға қатысып, алғашқы қарсыласын бар болғаны 8 секундтың ішінде жеңіп, чемпион атанады.

Алайда шешесінің қазасын естіген жас боксшы күйзеліске түсіп, жаттығуды тастап, үйден жиі кетіп қалатын болады.

Анасынан айырылған Майклды Каса Д'Амато ресми турде өз қамқорлығына алды. 1984 жылы АКШ-тың олимпиадалык құрамасына енгенімен, іріктеу кезеңінде жеңіліп, Тайсон Олимпиадаға бара алмай қалады. Каса Д'Аматоның колында тұрғанда тынымсыз жаттығулардан бөлек, кәсіби боксшылардың жекпе-жектерінің ескі бейнежазбаларын көріп, біраз сабақ алады.

1985 жылы кәсіби бокстағы алғашқы қадамын жасап, бірінші раундта-ақ, қарсыласы Гектор Мерседесті нокаутқа түсіреді.

Осы жылы ол 15 ойын өткізіп, барлығында да қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп отырады.

Мұндай тамаша ойындардың, куәсі болған мамандар

«Каса ДʼАмато міндетті түрде әлем чемпионы болатын нағыз боксшыны тәрбиелеп шығарды» деген пікірді жиі айта бастады.

Әйтсе де, 1985 жылы 4 қарашада 77 жасар Каса Д'Амато өкпе ауруынан қайтыс болып, шәкіртінің ол жетістігін көре алмады.

Әрине, бапкерінің қазасы Тайсонга өте ауыр тиді.

1986 жылы 22 карашада WBC дәрежесінің үздігі Тревор Бервикті 2-раундта құлатқан Тайсон бокс тарихындағы ен жас әлем чемпионы атанса, 1987 жылы 2 наурызда Джеймс Смитті ұпай санымен жеңіп, WBA дәрежесінің чемпионы болды.

30 мамырда Тайсон WBA дәрежесінің чемпионы аттарына таласқан Пинклон Томасты техникалық нокаутпен жеңіп, өз дәрежесің корғап қалады.

1 тамызда IBF дәрежесінің чемпионы Тонн Таккерді жеңіп, негізгі үш WBA, WBC, IBF дәрежесінің чемпионы атанады. Одан кейінгі  екі жылда Майк Тайсон 6 жекпе-жек өткізіп, 1984 жылы Олимпиада чемпионы Тайрелл  Биггсті, әлемнің экс-чемпионы Ларри Холмды, Тони Таббс пен Майкл Спинксті, әлемнің болашақ чемпионы Фрэнк Бруноны, сондай-ақ, Карл Вильямсты кезек-кезегімен жеңеді.

ҚҰЛАҚ ТІСТЕГІШ БОКСШЫ

1990 жылдың қаңтарында Майк Тайсон өз дәрежелерін қорғап қалу үшін Джеймс Дугласпен болатын жекпе-жекке жапон еліне келеді.

Тайсонның жеңетініне еш күмәнданбаған көпшіліктің көңілі 11 ақпан күні су сепкендей басылады. Джеймс Дугласпен ойында Тайсон 10-раундта нокаутқа түсіп, әлем чемпионы аттарынан айырылады. Осы жылы Майк тағы екі ойын өткізіп, екеуінде де 1-раундта нокаудпен жеңеді.

1991 жылы 18 наурызда Донован Раддокты 7-раундта түсіріп, WBC дәрежесін қайтарады.

7 қыркүйекте  Леннокс Льюиске қарсы шықпағаны үшін Тайсон WBC дәрежесінен айырылады да, WBA дәрежесінде Брюс Селдонды алғашқы раундта нокаутқа түсіріп, чемпион атанады.

1996 жылы 9 қарашада Тайсон мен Эвандер Холифилд арасындағы көптен күткен жекпе-жек өтті. Тайсон Эвандер Холифидтен 11-раундта техникалық, нокаутпен ұтылды.

1997 жылы 28 маусымда Тайсонның Холифилдпен қайтара кездесуі көпшіліктің кызығушылығын арттырып, барлық 16 мың билет алғашқы күні-ақ сатылады. Бұл кездесуде көрермен күтпеген жайттың куәсі болады.

Тайсон 3-раундта өзін баспен ұрған қарсыласының оң жақ құлағын тістеп алады.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін ашуға бұлыққан Тайсон ойынды жалғастырған  Холифилдтін екінші құлағын тістеп, ойыннан шеттетіледі.

Бұл жағдайдан кейін Майк Тайсон «құлак тістегіш боксшы» атанады.

БОКСТАН КЕТУІ

1998 жылы Тайсонды тексеруден өткізген психиатр дәрігерлер боксшының қатты күйзелісте жүргенін айтады. Бұл жайттың растығын Тайсонның 1999 жылдың қантарыңда Франсуа Ботамен боғлан жекпе-жекте қарсыласының қолын ашық түрде сындырмақ болғаны айқындай түсті.

Бесінші раундта нокаутпен жеңгеніне қарамастан, соққылары дәлдігін жоғалтып, жеңіс анау айтқандай заңды болмайды.

1999 жылы 23 қазанда Тайсон Орлин Норриспен рингке шығып, оны раунд аяқталған соң ұрып жығады. Алайда, бұл ойынға төрешілер «дұрыс өткізілген жок» деп баға берді.

Тайсон бұдан кейін Джулиус Френсис, Лу Саварез бен Анджей Голотаны жеңеді. Бірақ, рингке наша шегіп шыққаны аныкталған соң, Тайсонның польшалық боксшы Анджей Голотаны жеңгені есептелмей қалады.

Бір жылдық үзілістен кейін, яғни 2001 жылдың қазан айында Тайсон даттық Брайан Нильсенге қарсы шығып, қарсыласын 7-раундта техникалық, нокаутпен жеңеді.

2002 жылы 8 маусымда Леннокс Льюиспен кездесіп, одан 8-раундта нокаут алып, жеңіліске ұшырайды.

Майк Тайсон бұл жекпе-жек жайында журнаистерге берген сұхбатында рингтен тірі кеткеніне қуанғанын айтқан.

2003 жылы 22 акпанда сол кезде аты дүркіреп тұрған Клиф-форд Этьенді жеңіп, жаңа рекорд жасайды. Жекпе-жек бар болғаны 49 секундқа созылады.

Ал 2004 жылы 30 тамызда Тайсон танымал британдық боксшы Дэнни Вильямсқа қарсы шығып, тізесінен алған жарақаты дұрыс қозғалуына кедергі болып, жеңіліске ұшырайды. Бұдан кейін Тайсонға ота жасалып, бірнеше апта гипс киюге мәжбүр болады.

2005 жылдын 11 маусымында рингке қайта оралған 39 жастағы Тайсон ирландтық Кевин Майкбрайдпен кездесудің 7-раундтан соң рингке шығудан бас тартады. Ал ойынның соңында журналистерге берген

сұхбатында өзінің сүйікті спорт түрі - боксқа Майкбрайд сияқты әлсіз қарсыласынан жеңіліп, дақ түсіргісі келмейтінін айтып, кәсіби бокстан кететінін мәлімдейді.

ИСЛАМ ЖӘНЕ МАЙК ТАЙСОН

1991 жылы Майк Тайсон 18 жасар қызды (Дезире Вашингтон) зорлады деген айыппен 6 жылға сотталып, уақытынан бұрын – 3 жылдан кейін (26.03.1992- 25.03.1995) босатылады.

Түрмеде отырған уақытында Тайсон өзі үлгі тұтатын боксшы Мухаммед Әли сияқты ислам дінін қабылдап, Малик Абдул Азиз деген есімге ие болады.

2010 жылы Мекке-Мәдина жерінде болып, мұсылмандықтың бес парызының бірі қажылық парызын өтеген Майк Тайсон журналисттерге «Мен бұрын ешкімнен қорықпайтынмын, қазір Алламен кездесетін күннен қорқамын. Жасым ұлғайған соң көзқарасым өзгерді. Біреуді нокаутқа жіберу түкке тұрмайтын іс екен. Одан да адамдарға көмектесіп, олардың ризашылығын алу әлдеқайда сауапты. Осыны ойлап, жеке аурухана аштым. Міне осы аурухананы ұстап тұру – оның қасында үлкен ерлік», - деген.

ӘЙЕЛДЕРІ МЕН БАЛАЛАРЫ

1988 жылы 9 ақпанда Тайсон актриса Робин Гивенске үйленіп, келесі жылдың 14 ақпанында екеуі ажырасады. Боксшы актрисаның өзіне тек ақша үшін үйленгенін айтады. Сол уакытта Майктың байлығы 50 миллион АКШ долларына бағаланса, оның 10 миллионына Гивенс ие болады.

1997 жылы 19 сауірде Тайсон педиатр дәрігер - Моника Тернерге үйленіп, 2002 жылдың басында ажырасады. Одан Рейна (14.02.1996), Амир (05.08.1997) атты екі бала сүйеді.

2009 жылы Тайсонның Сол деген әйелден туған төрт жасар қызы Эксодус абайсызда мерт болады.

Екі апта өткеннен кейін 43 жаска қараган шағында Тайсон өзінен он жас кіші Латиха Спайсерге үйленіп, үлкен той жасамай, жақын туыстарының арасында ғана атап етеді. Латихадан Милан (2008) жане Морокко Эллийя (2011) деген екі баласы бар.

Ал баска әйелдерден туған балалары - Деамата Килрейн (1990), Мики Лорна (1990), Мигель Леон (2002) және Д’Амато.

Дайындаған Құралай Мұратқызы

БОкс спорт Майк Майк Тайсон боксер