Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы алдағы Гран-придің кезеңіне қатысушылар құрамын жариялады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Ол жарыс Жапонияның Осака қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау бағдарламасында Қазақстан құрамасынан Софья Самоделкина сынға түседі. Ол биыл АҚШ-тағы Норвуд қаласында өткен турнирде екінші орын алған болатын.
Жарысқа 12 спортшы қатысады. Дода 7-9 қараша аралығында өтеді.