Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 14:05 / Alashorda
Фото: Kazinform

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албанияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сідлтеме жасап.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.