Ақорда Мемлекет басшысының Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдағанын хабарлады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен оның отандастарын Сингапурдың ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
- Президент жеделхатта бұл мереке Сингапур халқы үшін ұлттық бірліктің, мемлекет дербестігінің және орнықты дамудың айшықты белгісі ретінде ерекше мәнге ие екенін атап өткен. Сонымен қатар Қазақстан мен Сингапур арасындағы достыққа және өзара түсіністікке негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді, - делінген ақпаратта..
Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Сингапур халқына құт-береке тіледі.