Мемлекет басшысы Делси Родригеске көңіл айтты

Бүгін, 10:11 / Alashorda
Фото: REUTERS/Maxwell Bricenо

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

"Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, онда сәрсенбі күні кешке магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық екі жоқпын жер сілкінісі болған еді. 

Соңғы деректер бойынша зілзаладан қаза тапқандар саны 188 адамға жетіп, 1 500-ден астам адам жарақат алған. Мыңдаған тұрғын із-түзсіз жоғалған. Бұл мәліметтер әлі де артуы мүмкін. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастықты Венесуэлаға бұрын-соңды болмаған деңгейде гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.

Бүгінде бірқатар ел гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екендерін мәлімдеген.

жер сілкінісі Тоқаев Венесуэла Делси Родригес Зілзала Көңіл айтты