Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрін қабылдады

Бүгін, 08:57 / Alashorda

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдап, бірқатар міндет жүктеді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

— Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді, — делінген хабарламада.

 https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-zhanadan-tagayindalgan-oku-agartu-ministrn-kabildadi-bbd241/

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова