Alashorda.kz ақпараттық агенттігі келесі материалда Мұхаммед Әлидің үш ерлігін назарға ұсынады. Ол Вьетнам соғысына барудан бас тартып, нәсілдік дискриминацияға қарсы күресте дауыс көтерді және ауыр дертпен өмір сүрсе де, адамзатқа қызмет етуді жалғастырды. Осы әрекеттері оның атын спорттан жоғары деңгейге – ерік-жігер мен адамдық ұстанымның символы ретінде шығарды.
Мұхаммед Әли - 18 жасында әуесқой бокстан Рим Олимпиадасының чемпионы атанса, кәсіпқой бокстан 7 рет ең үздік әлем чемпионы атағын қорғаған тарихта теңдесі жоқ боксшы.
Бұл оның спорттағы жетістігі болса, екіншіден, АҚШ-тағы 60-70 жылдардағы нәсілдік теңсіздікті жою жолындағы халықтық саяси қозғалыстың басында тұрған үш адамның бірі.
Ең әуелі нәсілдік теңсіздікке қарсы тұрған «қара мұсылмандардың» көсемі Малькольм Иск еді. Оған қолдау көрсеткен Кассиус Клей 1964 жылы Сонни Листонды ұтып, алғаш рет кәсибі бокстан Әлем чемпионы атағын жеңіп алған соң, өз атын Мұхаммед Әли деп өзгертті.
Бұрын қатардағы мұсылман болса, енді қара нәсілді мұсылмандар қозғалысының жұлдызына айналды.
1965 жылы Малькольм Иксті ақ нәсілдердің жансыздары атып өлтірді. Енді нәсілдік теңсіздікті жою қозғалысының христиан пасторы Мартин Лютер Кинг наразылық акцияларын одан өрі өршітті. Ол АҚШ мемлекетінің Азаматтық құкық туралы Акт кабылдап, нәсілдік сегрегацияга біржола нүкте қоюына мұрындық болды жене өзі де белгісіз оқтан каза тапты.
Егер Малькольм Икс, Мартин Лютер Кинг сияқты көсемдер болмаса, оларда ерекше қолдау көрсетіп, қара нәсілділердің рухын көтеріп, саяси қозғалыс қатарына Мұхаммед Әли сияқты атақты спорт жұлдызы кірмесе, ғасырлар бойы құлдықта келіп, соны жүз жыл ішінде (1865-1965) қоғамдық, орындарда нәсілдік теңсіздіктерге ұшыраған арғы түбі Африкадан келген қара халық бүгінгі теңқұқылық бейбіт өмірге жете алмас еді.
Осы үш тұлға болмаса, Оңтүстік Африка Республикасында абақтыда жатқан Нельсон Манделла мемлекет басшысы болып, ал АҚШ тарихында бірінші рет қара нәсілді Барак Обама президент болып сайланбас еді.
Себебі, «жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоқ болып кетпейді». Қара нәсілді халықтың азаттық жолындағы күресінің басы-қасында Мұхаммед Әли сынды нағыз азамат адамдар тұрған.
«Бокс падишасының» үшінші ерлігі – АҚШ-тың Вьетнам халқына қарсы басқыншылық соғысына қарсы шығуы. 1967 жылы оны АҚШ үкіметі әскер қатарына шақырып, Вьетнам соғысына жібермек болған.
Боксшы әділетсіз соғыстан бас тартады және онымен қоймай, халықты бұл соғысқа қатыспауға шақырады. Көп ұзамай халық наразылығына ұшыраған АҚШ үкіметі әділетсіз соғысты токтатуға мәжбур болады. Үкімет атақты боксшыны үш жылға спорттан шеттетеді.
Спорттық бабы жетіліп, күші тасып тұрған шақта ұзақ мерзім спорт жарысынан шел қалса да, Әлидің рухы сынбады.
Керісінше, мерзімін өтеп келген соң тағы 6 рет Әлем чемпионы болды.
Сол арқылы өз еліндегі қара нәсілді халықтың толық азаматтық алуына – бір үлес қосса, екіншіден, Дүниежүзінің ең үздік мұсылман спортшысы ретінде өзінің әр жолғы жеңістерімен Ислам әлемінің мерейін үстем етіп, рухын өсіріп отырды.
Мұхаммед Әлидің үлгісімен ізбасары Майк Тайсон да Ислам дінін қабылдады, басқаралы да. Әлемнің ең үздік боксшыларының үлгісімен мұсылман дініндегілердің қатары қаншама есе арта түсті.
Мұхаммед Әлидің бокс спортындағы ғаламат жетістіктерінің бір құпиясы – оның қарсыласты қапы қалдырудың жаңа техникасын ойлап табуы.
Жекпе-жек үстінде ол рингті жағалап, жеңіл қимылдап қарсыласынан қашып жүреді де, әбден шаршаған, сақтықты ұмытқан қарсыласын ұрымтал тұста өзіне жақын жіберіп алып,бірнеше жойқын әрі дәл соққырларды жаудырады.
Атақты спортшының «көбелекше қалықтап жүріп, араша шағу» деп атаған әдіс-тәсілін бүгінде көптеген боксшылар қолданып келеді.
Мұхаммед Әли – бокс спортын жаңа техникалармен байытып қана қойған жоқ. Сонымен бірге боксты бизнеске айналдырып, қыруар қаржы табудың жолына салуға себеп болған.
Оның әрбір кездесуін көруге ондаған мың жанкүйер жиналса, теледидар трансляциясын бес құрлықтың жүздеген миллион көрермені тамашалайтын дәрежеге жетті.
Боксшының қаламақысына 5 миллион доллар тігіліп, 70-жылдардың деңгейімен салыстырғанда фантастикалық соманы құрады.
Бокс менеджері Дон Кинг осылайша ең тартымды спорт жарыстарының бірін «бокс-бизнес» деп аталатын жаңа сатыға көтерді.
Қорыта айтқанда, Мұхаммед Әли – жай ғана бокс ойынының асқан шебері ғана емес, ол өз нәсілін азаттыққа жеткізу жолындағы саяси күрескер, Вьетнам соғысын тоқтатуға атсалысқан әлемдік дәрежедегі қоғам қайраткері әрі Ислам әлемінің мерейін өсірген Мұсылман, нағыз Адам!
Дайындаған Жарылқап ҚАЛЫБАЙ