Мемлекет басшысының өкімімен Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қызметінен босатылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
- Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.