Отбасы күніне орай 58-мекемеде маңызды кездесу өтті

Бүгін, 16:14 / Alashorda

Отбасы күніне орай Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа қызымен Skype арқылы онлайн сөйлесуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Жылы әңгіме барысында әке мен қызы бір-біріне қолдау көрсетіп, сағыныштарын жеткізді. Мұндай кездесулер сотталған азаматтардың отбасымен байланысын сақтауға, олардың рухани қолдауын сезінуге және түзелу жолындағы оң өзгерістерге ықпал етеді.

Отбасы – адамға күш беретін ең қымбат құндылық.