Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.
Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.