Президент Бектеновке көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар міндет жүктеді

Бүгін, 13:38 / Alashorda

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық реформаларды жүзеге асыру және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру бойынша бұған дейін берген тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде баяндалды.

Олжас Бектенов еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы есеп берді.

Президенттің экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесінде ішкі жалпы өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етіп отыр.

2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға ұлғайған.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,5 триллион теңгені құрап, жеке инвестициялардың көлемі 9,8 пайызға өскен.

макроэкономикалық тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жайында айтты.

Халықтың нақты табысын арттыру, тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін қамтамасыз ету негізгі басымдық саналады. Инфляция деңгейін төмендету шаралары қарастырылып жатыр.

 желтоқсан айында шекарадағы бес өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары аяқталғанын жеткізді.

Қазақстандық тауар өндірушілердің реестрі іске қосылды.

Шағын бизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы қабылданды. Жылыту маусымы жайында есеп берді.

Сондай-ақ 2026 жылғы дала жұмыстарын қаржыландыру ерте басталғанына тоқталды. Бұл шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортқа ден қоя отырып, егіс алқаптарының көлемін сақтауды және оны ұлғайтуды көздейді.

Президент Үкімет басшысына азаматтардың мүддесіне сай еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.

Бектенов Тоқаев