Президент Бектеновке Үкіметтің экономикалық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырма берді

Бүгін, 15:02 / Alashorda
Ақорда

Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.


Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов Премьер-министр