Президент Финляндия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

6 желтоқсан, 2025 / Alashorda
Ақорда

Мемлекет басшысы Финляндия Президентін құттықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Стуббқа Финляндияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Президент хатта Суоми ұдайы экономикалық өрлеу, әлеуметтік әділдік және экологиялық орнықтылықты тиімді ұштастырып келе жатқан ел екенін атап өткен. Сондай-ақ Финляндия Президентінің таяуда Астанаға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда нақты нәтижелерге жетуге мүмкіндік бергеніне тоқталған. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас фин халқына бақ-береке тіледі, — делінген хабарламада.

Александр Стубб Финляндия