Президент Игорь Романовты ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

23 ақпан, 2026 / Alashorda
Ақорда

Игорь Романов бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін наградталды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды. Ол ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметін басқарды, — делінген хабарламада.

Игорь Романов