Президент Конституциялық Сот құрамына 10 судья тағайындады

Бүгін, 13:35 / Alashorda
Фото: Ақорда

Мемлекет басышысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотына он судья тағайындалды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Сәкен Абдолла Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Лейла Сұлтанқызы Жақаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Сергей Васильевич Скрябин Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Аслан Султанович Тукиев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды;

Сергей Федорович Ударцев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалды.