«Қайран 37 жыл». Белсенді ұстаздардың үстіннен қылмыстық іс қозғауды ұсынды

Бүгін, 10:18 / Alashorda
Коллаж

Қоғам белсендісі Нұржан Жолдыбекұлы мұғалімдердің ісін облыстан алып, ауданға беруге қарсы шыққан ұстаздарға шүйлікті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Нұржан Жолдыбекұлының бұл жазбасына еліміздің белсенді педагогтар мен білікті ұстаздар Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жолап, үндеу жасағаны себеп болып отыр. Білім саласының мамандары өткен аптада депутаттардың «Аудандық білім бөлімдерін әкімдіктерге беру» туралы заң нормасына қатысты қарсылықтары мен оның нақты себептерін айтып, мәселеге Президенттің араласуын сұрады. 

Ал Нұржан Жолдыбекұлы ұстаздардың бұл үндеуінен қауіп көріп отыр.

«Ұстаздың "ұстаздан" айырмашылығы бар ма?

Мұғалімдер қауымы —діни секталар секілді, қоғамнан бөлініп бара жатқан жоқ па?

Біркезде "Үй ішінен үй тігуге" рұқсат берген кім, қай орган?

Әлде бұны "уақытында Президент Әкімшілігі прозевать еткен іс" деуге келе ме?

Өздерін мұғалім санайтын алқалы топ Президент атына күллі мұғалімдер атынан-бек үндеу жариялап, мәжіліс депутаттарының "аудандық білім саласы бюджетін аудан әкімшілігіне қайтару" шешіміне қарсы  –  "мұғалім қолжаулық емес" деген негізсіз ұран айтып – шырғалаң туғызуда.

Осы оқиғаға қатысты

ҚР бас прокуратурсы баға беруі тиіс.

Қоғамның біртұтастығына зиянын тигізуі бек-мүмкін бұл оқиғаға белсене кірісіп алғандарға әуелі ескерту жариялап, әгәрәки, тоқтамаса, қылмыстық іс қозғау керек болар.

Қоғам біртұтас және салалар дамуы да сөзсіз бағыттас болуы керек!

"Ананы істемеймін", "мынаған бармаймын", "мына іс-шараның бізге қатысы жоқ" деу көбейген.

Әр саланың "одеялоны өзіне тартуы" жақсы емес!

Бұл мемлекеттің ыдыруына апаратын төте жол!», – деп жазды Нұржан Жолдыбекұлы.

Қоғам белсендісінің бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, әр түрлі пікір жазылды. Мәселен «Зияткер ұстаз» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмір Шыныбекұлы «Қайрат 37 жыл» деп жазса, Есболат Өмірзақ атты желі қолданушысы «Пах, пах! Мұғалімдерді қоғамнан бөлініп, діни секталар сияқты болып кетті дейсіз бе?! Бұдан артық сорақылықты көрмедім! 37-жыл құсатып, "халық жауларын" іздеп кеткен сияқтысыз ғой!» деп пікір білдірген екен.

Нұржан Жолдыбекұлы Өмір Шыныбекұлы