Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
"Бүгін біз Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобының алғашқы отырысына жиналдық. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада арнайы Жұмыс тобын құру туралы Өкімге қол қойдым. Парламенттік реформа – еліміздің алдында тұрған аса маңызды, жауапты жұмыс. Жолдауымда бұл мәселе азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет деп нақты айттым. Бүгін, міне, бірінші отырысымызда Парламенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің және саяси партиялардың өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бар. Бәрі де елге танымал азаматтар, түрлі саланың мамандары",- деді ол.
Қоғамда «Қазақ тілі орыс тілінің тасасында қалып қалды. Сол себепті Ата заңның 7 бабы 2 тармағын алып тастау керек» деген пікір жиі айтылады. Парламенттік реформа бойынша Жұмыс тобында орыс тілі – ресми тіл деген тармақ алынып тастала ма? Осы сұрақты Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаевқа қойдық. Депутат құрылыс жөніндегі жұмыс тобы орыс тілінде өткен соң аталған жерден кетіп қалғанын айтады. Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін Ерсайын Нағаспаев басқарады