Гандболдан Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup 2026 мәресіне жетіп, ерлер құрамасы үздік шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Олар Польша құрамасын 29:14, Бельгияны 28:21, Оңтүстік Африка Республикасын 27:11, Италияны 24:11 және Ливияны 20:17 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Италиямен қайта жолы түйісіп, 23:13 есебімен ұтты.
Ал финалда Қазақстан құрамасы Ливия командасымен жолығып, 28:23 есебімен жеңіске жетті.