Қазақстан мен Әзербайжан бас прокуратуралары меморандумға қол қойды

Бүгін, 11:53 / Alashorda
Бас прокуратура

 Екі елдің қадағалау ведомстволары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Ақордада екі елдің бас прокуратуралары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат қылмыспен күресу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Прокурорлар қадағалау ведомстволарының кәсіби, сараптамалық және ақпараттық әлеуетін тиімді пайдаланудың серіктестік тетіктерін анықтауға ниетті.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуды көздейтін меморандумға қол қою мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. 

Әзербайжан бас прокуратура