Қазақстан құрамасы артистік жүзуден Азия чемпионатының Кубогын жеңіп алды

8 қазан, 2025 / Alashorda
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз-қызметі

Үндістанда су спорты түрлерінен өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы артистік жүзуден айқын басымдық танытып, 11 медаль — жеті алтын, екі күміс және екі қола — жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шығып, Кубоктың иегері атанды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Екінші орынға Тайланд құрамасы (екі алтын, үш күміс, екі қола), ал үшінші орынға Өзбекстан спортшылары (екі алтын, бір күміс, бес қола) тұрақтады.

Бұл жеңіс қазақстандық спортшылардың жоғары кәсібилігі мен дайындық деңгейін айқын көрсетіп, су спорты саласындағы елдің беделін одан әрі арттырды.