ҚАЗАҚСТАНДА СИЫР ЕТІН ЭКСПОРТТАУДЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, 13:09 / Alashorda
интернеттен алынды

Қазақстанда сиыр етін экспорттаудың қызығы мен шыжығы басталды
Атамыз қазақ «Ет жемесең – түсіңе, жесең – тісіңе кіреді» демекші, осы аптадағы ерек жаңалық: Қазақстанда сиыр етін экспорттауға квота енгізу ұсынылғаны болды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, ол 19 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Осы орайда қадап айта кететін дүние: Global Product Price порталының мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы қаңтарда Қазақстан сиыр етінің бағасы бойынша 76 елдің ішінде 42-орында тұр. Жаһандық деректер платформасы көрсеткен баға нақты нарықтағы немесе дүкендегі бағаға өте жақын: 1 келі сиыр еті – 15,1 доллар, яғни 7,4 мың теңге.
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қатысты талаптар өзгеруі мүмкін. Енді ет комбинаты бар фермалар үшін ең төменгі шек 500 бас ірі қараға дейін төмендетіледі.
Ал 5 мыңнан астам ірі қарасы бар, бірақ жеке ет комбинаты жоқ фермаларға етті үшінші тараптағы қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы экспорттауға рұқсат берілуі мүмкін.
Осылайша экспортқа енгізілетін квота 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №503 «ҚР аумағынан ірі қара етін шығару мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Аталған Құжат жобасы 2025 жылғы 5 наурыздағы сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес әзірленді.
Сонымен су Жаңа ережеге сәйкес жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған сиыр етін экспорттауға алты айлық квота енгізіліп, оның жалпы көлемі 20 мың тонна болып тағайындалды.
Берілгелі отырған квота фермадағы мал санына қарай:
5 мың бас – 1 мың тонна
10 мың бас – 2 мың тонна
15 мың бас – 3 мың тонна
20 мың бас – 4 мың тонна
50 мың бас – 10 мың тонна болып бөлінеді.
Ескеретін бір жайт ет экспорттауға тек фермердің өз малы өз кәсіпорнында өңделген жағдайда ғана рұқсат беріледі, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.