Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын пластикалық операцияларға пайдалануға тыйым салынды

Бүгін, 02:52 / Alashorda
pexel.com

enpf-otbasy.kz платформасында стоматология және офтальмология қызметтеріне зейнетақы жинақтарының артығын пайдалану бойынша өтінім қабылдау тоқтатылғаннан кейін, қазақстандықтар пластикалық операцияларға, атап айтқанда операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзету мақсатындағы өтінімдерді жаппай бере бастаған, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

«Отбасы банк» бұл санаттағы өтінімдер санының қалыптан тыс өскенін тіркеген.

Осыған байланысты enpf-otbasy.kz порталында «Операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды түзетуге арналған реконструктивтік және қалпына келтіру (пластикалық) операциялар» бағыты бойынша зейнетақы жинақтарының артығын пайдалану үшін өтінім қабылдау 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап тоқтатылды.

Сонымен бірге азаматтар үшін зейнетақы жинақтарының артығын өмірлік маңызы бар, қымбат әрі әрдайым қолжетімді бола бермейтін медициналық ем-дом түрлеріне бағыттау мүмкіндігі сақталады. Мұндай медициналық қызметтер қатарына мыналар жатады:

сирек кездесетін (орфандық) ауруларды емдеу;

радионуклидтік және радио-йод терапиясы;

радиохирургиялық емдеу;

протондық терапия.

зейнетақы ЕНПФ зейнетақы жинақтары пластикалық операция