Қазақстанның үш қалаларында қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарының құрылысын басталады

25 қараша, 2025 / Alashorda
Экология министрлігі

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастауды тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Экология министрлігіне республикалық маңызы бар үш қаланың әкімдіктерімен бірлесіп, 2026 жылы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастауды тапсырды.

- Экология министрлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірге келесі жылы қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастауы керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Астана Үкімет Алматы Бектенов зауыттар Шымкент