Қазақтарға тіл тигізген Тигран Кеосаян қайтыс болды

26 қыркүйек, 2025 / Alashorda

59 жасында Тигран Кеосаян қайтыс болды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы жұбайы Маргарита Симонян хабарлады.

2024 жылы Кеосаян комаға түсті деген ақпарат тараған еді. Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, ол бұған дейін екі рет инфаркты бастан кешірген. Яғни тоғыз айдан бері клиникалық өлімді бастап кешіп, жансақтау бөліміне жатқызылғаны белгілі болып отыр.

Тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанды сынаушы ретінде танылған. Ол «қазақстандықтардың кім екенін шешетін кез келді, әйтпесе Украина жағдайы оларды да күтіп тұр» деп халықаралық саясатқа кереғар сайраған болатын.