Қостанай облысының прокуратурасымен облыстың өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алу фактілері әшкереленді. Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді.
Тергеу шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ның бұрыңғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды. Тергеу жалғастырылуда.