Әлеуметтік желіде ақын Біржан Қалдыбаев Жаппай көкпар федерацияның атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы президент сайлауына түсуге шақырды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Ал Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы сайлауға қатысуына қарсы емес. Себебі ол «Бізде бәрі мүмкін» деп отыр.
«Президент үшінші мерізімге сайланатын болса, Ата заңды Назарбаевтың кезіндегідей сыйламау болмай ма?» деген сұраққа «Оны айту қиын, айту қиын. Енді қараңыз, Қасым-жомарт Кемелұлының бастамасымен талай жақсы реформалар өтті. Мысалы өз басым тоған қуанамын, ризамын. Ал енді Конституциялық параметрлер бойынша оған әлі құқығы жоқ. Егер Конституциялық реформаның аясында сондай ұсыныстар беріліп, халық референдумның нәтижесі бойынша халық сондай шешім қабылдап жатса, көпшіліктің қабылдаған шешімі бойынша жүреді деп ойлаймын. Бұл жөнінде басып айту қиын», – деді ол.