Құс етін және уылдырықты елге заңсыз өткізбекші болған тұрғындар жауапқа тартылды

Бүгін, 17:16 / Alashorda
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Қордай» ветеринарлық бақылау бекетінде ҚР АШМ-нің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясы жануар өнімдерін заңсыз тасымалдау жағдайларын анықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Алғашқы оқиға Қырғызстаннан 1000 кг құс етін (үйрек етін) елге әкелуге байланысты. Жүк көлігін тексеру барысында өнімнің арнайы белгісінің жоқтығы, көліктің ветеринарлық талаптарға сай келмейтіндігі және құжаттарда дұрыс ақпарат болмағандығы анықталды.
Өнім кері қайтарылып, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

Одан кейін Қырғызстан азаматының қол жүгі тексеріліп, онда 32 кг (162 банка) уылдырықтың құжатының жоқтығы анықталды.
Бұл өнім де кері қайтарылып, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ‎

заң тәртіп