Рақымшылық заңы арқылы Шу ауданының тұрғыны бостандыққа шықты

11 қазан, 2025 / Alashorda
Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 маусым күні «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына қол қойды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған заң бойынша онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазадан босатуды және ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың негізгі жазасының мерзімін қысқартуды көздейді.

Рақымшылық заңы шеңберінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінен 48 жастағы Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны бостандыққа шықты. Мекеме қызметкерлерімен бостандыққа шыққан азаматқа алдағы уақытта қайта қылмысқа бармау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Мекемеде жаза мерзімін өтеп жатқан 80-ге жуық сотталғанға рақымшылық заңы ілінген. Бүгінгі таңда 30-ға жуық сотталған мекемеден босатылып, қалған сотталғандардың жаза мерзімі қысқартылуда.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Рақымшылық