Ресейде қабылданған жаңа заң жобасы — Мәскеудің күш көрсету саясатына көшкенін танытады

Бүгін, 11:00 / Alashorda
Сурет Ашық дереккөзден алынды

Заңды эскалация: Кремль шетелде әскер қолдану аясын неге кеңейтті?

Ресейде қабылданған жаңа заң жобасы — Мәскеудің халықаралық құқықтық кеңістіктен біржола оқшаулануы мен күш көрсету саясатына көшуінің кезекті кезеңіне аяқ басқанын танытады. Президентке Ресей азаматтарын «қорғау» мақсатында (тіпті олар шетелде тұтқындалса да) армия жіберуге рұқсат беретін бұл құжат жай ғана ішкі заңнама емес, бұл — «гибридті соғыс» құралы да болып саналады https://ru.themoscowtimes.com/2026/05/25/putin-podpisal-zakon-obispolzovanii-armii-dlya-zaschiti-rossiyan-zarubezhom-a196204.

Заңның негізгі мазмұны мен құқықтық коллизия

Жаңа түзетулерге сәйкес, Ресей армиясы төмендегі жағдайларда шетелде қолданылуы мүмкін:

Ресей азаматтарын халықаралық соттар немесе Ресей мойындамайтын сот органдары тұтқындағанда.

Ресей мүдделеріне қайшы келетін шешімдер қабылданғанда.

Сарапшылардың пікіріне сүйенер болсақ, бұл іс жүзінде Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) шешімдеріне және Батыс елдерінің құқық қорғау жүйесіне қарсы жасалған қадам. Ресей өзінің кез келген азаматын (мейлі ол барлаушы, диверсант немесе саяси тұлға болсын) күшпен босатып алу құқығын заңдастырып отыр.

2. Геосаяси контекст: НАТО-мен тікелей қақтығыс қаупі

Материалда көрсетілгендей, бұл заң Еуропа мен АҚШ барлау қызметтерінің (BND, MIVD, CIA) үрейлі мәлімдемелері фонында пайда болды.

Болжам мен қауіп деңгейі туралы BND Барлау қызметі (Германия) Балтық жағалауындағы «Қырым сценарийі» бойынша арандатулар десе, MIVD Барлау қызметі (Нидерланды) НАТО-ны саяси іріту үшін шектеулі аумақтық басып алу әрекеті деп бағаласа, өз кезегінде CIA Барлау қызметі (АҚШ) Украинадағы соғыстың ядролық шантаж арқылы НАТО-мен қақтығысқа ұласуына айналуы ықтимал деп болжам жасап отырған жайы бар.

3. «Нөлдік фаза» және жаңа майдан шебі

Соғысты зерттеу Институтының (ISW) сарапшылары атап өткендей, Ресей қазірдің өзінде «нөлдік фазада» тұр. Бұл тек қағаз жүзіндегі заң емес, іс жүзіндегі дайындық:

Әскери округтерді реорганизациялау: Финляндия шекарасына жақын жерде жаңа базалардың пайда болуы.

Диверсиялық әрекеттер: Еуропа елдеріндегі өрттер, GPS сигналдарын тұншықтыру және РЭБ (радиоэлектронды күрес) құралдарын іске қосу.

Ядролық риторика: Заң аясында әскер қолдану мүмкіндігі ядролық шантажбен нығайтылуы ықтимал.

Сөз мәйегі: Бұл заң — Ресейдің халықаралық юрисдикцияны толықтай жоққа шығаруы. Енді Мәскеу кез келген полициялық немесе соттық іс-әрекетті «агрессия» деп танып, оған әскери жауап беруге өзіне-өзі жол ашып берді.

Қорытынды

Бұл құжат Ресейдің алдағы жылдары көршілес елдерге және халықаралық ұйымдарға қысым көрсетудің жаңа тетігіне айналмақ. «Азаматтарды қорғау» ұраны — шекаралас мемлекеттердің егемендігіне нұқсан келтіру үшін қолданылатын ыңғайлы желеу. Әлемдік қауымдастық үшін бұл — Кремльдің дипломатиялық тілден күш көрсету тіліне біржола көшкенінің айқын нышанын білдіреді.